Caspianlife, 30 қазан. Бұл тақырып Астрахань облысының сыртқы байланыстар министрі Владимир Головков пен Қазақстан Республикасының Астрахандағы Бас консулы Қанат Хасеновтің кездесуінде талқыланды.
Астрахань облысы губернаторының баспасөз қызметінің хабарлауынша, тараптар білім саласындағы ынтымақтастық мәселесін қарастырды. Қазіргі таңда Астрахань қаласындағы жоғары және орта кәсіби білім беру бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасынан келген 542 студент оқып жатыр. Астрахань облысы өз білім беру қызметтерін экспорттауды арттыруға мүдделі.
«Алдағы қараша айында Орал қаласында өтетін Ресей мен Қазақстанның XXI өңіраралық ынтымақтастық форумында жұмысшы мамандықтарды даярлау тақырыбы негізгі бағыттардың бірі болатынын ескере отырып, Владимир Головков пен Қанат Хасенов Астрахан облысы делегациясының осы шараға қатысуына қатысты ұйымдастыру мәселелерін талқылады», — делінген хабарламада.