CaspianLife, 30 қазан. Бұл туралы Астрахань облысының сыртқы байланыстар жөніндегі министрі Владимир Головков пен Астрахандағы Қазақстан Республикасының Бас консулы Қанат Хасеновтың кездесуінде айтылды.
Астрахань облысы губернаторының баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу барысында өңірдің Қазақстанмен ынтымақтастығының өзекті мәселелері талқыланды. Облыстың сыртқы байланыстар министрі кеме жасау саласы қазақстандық серіктестермен жұмыстың негізгі бағыттарының бірі екенін атап өтті.
«Қазір Астрахань кеме зауыттарында Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің теміржол және су көлігі комитетінің тапсырысы бойынша төрт сүйреткіш теплоход пен бір жер қазушы кеме (земснаряд) салынуда», – делінген хабарламада.

