Caspianlife, 25 қазан. Бүгін, Республика күні қарсаңында, Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында «Каскор-Машзавод» ЖШС жаңа зауытының ашылу салтанаты өтті.
Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жаңа кәсіпорын жылына 540 мың сораптық штанга, 51 мың тонна сораптық-компрессорлық құбыр және қапталған сораптық-компрессорлық құбыр өндіруге қауқарлы. Зауыт толық қуатына шыққан соң 250 жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда.

