Caspianlife, 16 қазан. Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев 20–21 қазан күндері Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді.
Бұл туралы бүгін Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі хабарлады. Aqorda Telegram-арнасының мәліметінше, сапар барысында жоғары деңгейдегі келіссөздер өтеді. Сондай-ақ мемлекет басшылары Жоғары мемлекетаралық кеңестің отырысына және қазақ-әзербайжан бизнес-форумына қатысады.