CaspianLife, 7 қазан. Атырау облысы бойынша Табиғи монополияларды реттеу комитетінің департаменті «Атырау жылу электр орталығы» ЖШС-нің 2026–2030 жылдарға арналған жылу энергиясын өндіру тарифі жобасы бойынша қоғамдық тыңдау өткізді.
Өңірлік коммуникациялар қызметінің (ӨКҚ) хабарлауынша, жиынға мемлекеттік органдардың өкілдері, мәслихат депутаттары, БАҚ және тұтынушылар қатысты. Іс-шара офлайн және онлайн форматта өтті.
2026–2030 жылдарға арналған тариф жобасына сәйкес (ҚҚС-сыз) жылу энергиясының бағасы төмендегідей белгіленбек:
-
2026 жыл — 8 314,93 теңге/Гкал;
-
2027 жыл — 10 148,43 теңге/Гкал (+22%);
-
2028 жыл — 11 624,64 теңге/Гкал (+14,6%);
-
2029 жыл — 12 342,84 теңге/Гкал (+6,2%);
-
2030 жыл — 13 192,26 теңге/Гкал (+6,9%).
«Атырау жылу электр орталығы» ЖШС бас директоры Максот Аленовтың айтуынша, тарифтің өсуі табиғи газдың қымбаттауымен, жабдықтардың тозуымен және 5,8 млрд теңге көлеміндегі инвестициялық бағдарламаны іске асыру қажеттілігімен байланысты.