Caspianlife, 7 қазан. Дүйсенбі, 6 қазан күні Атырау қаласында күннің екінші жартысынан бастап түтіннің иісі сезілді.
Осыған байланысты облыс әкімінің тапсырмасымен облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаевтың төрағалығымен қалада түтін иісінің шығу себебін анықтау және өрт ошақтарын жою жөніндегі жедел штаб отырысы өтті.
Сол күні кешке облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай:
«Мониторинг барысында түтіннің шығу көзі Атырау қаласынан шамамен 20 шақырым қашықтықта, Каспий теңізі жағынан орналасқан «Сасық сай» булану алаңы маңындағы өрт ошағы екені анықталды. Өртті сөндіру үшін төтенше жағдайлар департаментінің күші мен техникасы жұмылдырылды», — делінген хабарламада.