CaspianLife, 2 қазан. Қазақстан сенаторлары Қазақстан мен Армения арасындағы азаматтардың сапарлары мен олардың тұру тәртібі жөніндегі, сондай-ақ көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісімдерді ратификациялады.
Бұл туралы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппаратының басшысы Максим Споткай өзінің Telegram-арнасында хабарлады.
«Бірінші құжат өзара сапарларды жеңілдетеді: Қазақстан азаматтарына енді жеке куәлік жеткілікті, тіркеусіз болу мерзімі жарты жыл ішінде 90 күнге дейін ұзартылды. Бұл туризмнің, іскерлік байланыстардың дамуына және гуманитарлық қарым-қатынастардың нығаюына ықпал етеді. Екінші келісім көші-қон саласындағы ынтымақтастықты реттейді. Онда деректер мен құқықтық ақпарат алмасу, заңсыз көші-қон мен қос азаматтыққа қарсы бірлескен шаралар қабылдау, сондай-ақ тиісті органдардың іс-әрекеттерін үйлестіру көзделген», — деді М. Споткай.