CaspianLife, 2 қазан. Қазақстан Республикасы ҰҚК-нің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі (СЖҚҚ) қыркүйек айында он үш құқық бұзушылықты тіркеді.
ҰҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл фактілер Қылмыстық кодекстің келесі баптары бойынша сараланған:
— 361-бап (лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану) – 1;
— 366-бап (пара алу) – 5;
— 367-бап (пара беру) – 5;
— 234-бап (экономикалық контрабанда) – 1;
— 287-бап (қару-жарақты, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) – 1.
Сондай-ақ қыркүйек айында сотқа тоғыз қылмыстық іс жолданды:
— 189-бап (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе талан-таражға салу) – 3;
— 190-бап (алаяқтық) – 1;
— 366-бап (пара алу) – 3;
— 218-бап (қылмыстық жолмен алынған ақша мен (немесе) басқа мүлікті заңдастыру (жылыстату)) – 1;
— 385-бап (жалған құжаттарды, мөрлерді, штамптарды, бланкілерді, мемлекеттік пошта төлемінің белгілерін, мемлекеттік наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткізу) – 1.