Caspianlife, 23 қыркүйек. Бұған дейін хабарланғандай, кеше түнде Астрахань облысына ұшақ үлгісіндегі ұшқышсыз ұшақтар жаппай шабуыл жасады.
Ресей Қорғаныс министрлігінің мәлімдеуінше, түн ішінде өңірде әуе шабуылына қарсы қорғаныс (ӘШҚҚ) кезекші құралдары 13 (он үш) дронды ұстап, жойған. Күннің екінші жартысында Астрахань облысының губернаторы Игорь Бабушкин өзінің Telegram-арнасында ұшқышсыз ұшақ шабуылдарының басты нысанасы өңірдегі өнеркәсіптік нысан болғанын хабарлады.
«Құлаған қалдықтардың салдарынан жергілікті өрт ошақтары пайда болды, олар жедел түрде сөндірілді. Өкінішке қарай, әйнектің сынған сынықтарынан бір әйел жарақат алды. Астрахань тұрғыны шұғыл түрде облыстық клиникалық ауруханаға жеткізілді. Қажетті барлық көмек көрсетілуде, зардап шегушінің өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ», — деп жазды И. Бабушкин