CaspianLife, 2 қыркүйек. Ақмола облысының прокурорлары әлеуметтік осал азаматтарды ұрлап, олардың атына ірі көлемде банк несиелерін рәсімдеген ұйымдасқан қылмыстық топқа (ҰҚТ) қатысты істің тергеуін аяқтады.
Ақмола облысы прокуратурасының мәліметінше, ҰҚТ құрамына еліміздің әр өңірінен 25 адам кірген. Олардың арасында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің орталық аппаратының қызметкері, сондай-ақ бірқатар банктердің («Kaspi Bank», «Forte Bank», «Еуразиялық Банк», «Jusan bank») қызметкерлері болған. Дәл осы қызметкерлердің қатысуымен бес жылдан астам уақыт бойы алаяқтық әрекеттер жасалған.
«Қылмыс құрбаны Қазақстанның 348 азаматы болды, келтірілген шығын көлемі – 3,7 млрд теңге. Тергеу барысында қылмыстық жолмен алынған мүліктер анықталды: Алматы қаласындағы пәтерлер мен жер телімдері, қымбат автокөліктер, қолма-қол ірі көлемдегі ақша. Тәркіленгеннің жалпы құны – 2,7 млрд теңге», – делінген хабарламада.
Сонымен қатар барлық топ мүшелері ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғаны айтылды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс процестің қатысушыларына таныстырылуда, соңғы шешімді сот шығарады.