CaspianLife, 27 тамыз. Бүгін түнде, сағат 01:33-те ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС жер сілкінісін тіркеді.
Министрліктің мәліметінше, жерасты дүмпуінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 2 321 шақырым қашықтықта, Ресей аумағында орналасқан. Эпицентрдің координаттары: 42.925º с.е., 48.765º ш.б. Жер сілкінісінің тереңдігі – 15 км, магнитудасы MPV 5.2 болды.
«Маңғыстау облысында, Ақтау қаласынан 209 шақырым жерде есептік қарқындылығы 2 баллды құрады. Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ. Жағдай тұрақты», — деп нақтылады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.