CaspianLife, 26 тамыз. Облыста ҚР Конституциясы күніне орай барлық топтағы мүгедектігі бар азаматтарға елу мың теңгелік біржолғы әлеуметтік көмек төлеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.
— Аймақта алты мерекеге орай жекелеген санатқа жататын тұрғындарға түрлі көлемде біржолғы әлеуметтік төлемдер беріледі. Атап айтқанда, 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні, 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні, 9 мамыр – Жеңіс күні, 30 тамыз – Конституция күні, 25 қазан – Республика күні және 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай облыс тұрғындарына әлеуметтік төлемдер жыл сайын беріледі, — деді облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бас маманы Жаңылсын Сейдалиева.
Айта кетейік, былтыр мұндай төлем 25 мың адамға берілді.