Caspianlife, 19 тамыз. Бұл жоспарлы техникалық қызмет көрсету аясында әуежай инфрақұрылымына жөндеу жұмыстары жүргізілуімен байланысты. Жөндеудің негізгі мақсаты – ұшулардың қауіпсіздігін арттыру және әуе компаниялар мен жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасын жақсарту.
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ баспасөз қызметі хабарлағандай, жөндеу жұмыстарына байланысты ұшу-қону жолағы келесі мерзімдерде уақытша жабылады:
-
2025 жылғы 1–4 қыркүйек аралығы,
-
2025 жылғы 8 қыркүйектен 31 қазанға дейін.
«Көрсетілген күндері күн сайын астана уақытымен сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін ұшу-қону жолағы әуе кемелерінің ұшуы мен қонуына қолжетімсіз болады. Осыған байланысты рейстер кестесінде өзгерістер күтіледі. Жолаушылардан алдын ала өз әуе компанияларынан өзекті ақпаратты нақтылап алуды сұраймыз», – делінген хабарламада.
Сонымен бірге 5–7 қыркүйек күндері ұшу-қону жолағы ашық болып, рейстер қалыпты режимде орындалатыны атап өтілген.