CaspianLife, 19 тамыз. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті жылу энергиясын есепке алу құралдары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау қызметтерінің құнын қайта есептеу жұмыстарын аяқтады.
Комитеттің баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл жұмыс сыртқы ауаның нақты температурасына сәйкес жылу үшін төлемді түзетуді табиғи монополия субъектілеріне міндеттейтін заңнамаға сәйкес жүргізілді.
Қайта есептеу қорытындысы бойынша азаматтарға 1 554,7 млн теңгеден астам қаржы (ҚҚС-пен бірге) қайтарылады. Бұл қаражаттар тұтынушылардың жеке есеп-шоттарында бөлек жолмен — аванс (сальдо) ретінде 2024–2025 жылдардағы жаңа жылыту маусымында немесе 2025 жылдың соңына дейінгі күнтізбелік жылға енгізілетін болады.
Қаражат елдің барлық өңіріндегі тұтынушыларға қайтарылады. Атап айтқанда:
-
Астанада — 224,5 млн тг,
-
Алматыда — 74,2 млн тг,
-
Қарағанды облысында — 457,0 млн тг,
-
Шығыс Қазақстан облысында — 257,2 млн тг,
-
Маңғыстау облысында — 176,7 млн тг,
-
Қостанай облысында — 106,9 млн тг,
-
Солтүстік Қазақстан облысында — 74,8 млн тг,
-
Ақмола облысында — 44,3 млн тг,
-
Павлодар облысында — 34,8 млн тг,
-
Қызылорда облысында — 23,9 млн тг,
-
Ақтөбе облысында — 24,1 млн тг,
-
Жамбыл облысында — 21,4 млн тг,
-
Абай облысында — 19,9 млн тг,
-
Атырау облысында — 11,0 млн тг,
-
Батыс Қазақстан облысында — 3,4 млн тг,
-
Алматы облысында — 0,5 млн тг,
-
Түркістан облысында — 0,1 млн тг,
-
Жетісуда — 0,03 млн тг.
Ал Шымкент пен Ұлытау облысында түзету қарастырылмаған, себебі ол жерде реттелетін қызмет құны сыртқы ауаның нақты температурасына сәйкес қалыптастырылған.
Айта кету керек, Астанада қайта есептеу бүкіл жылыту маусымы бойы ай сайын жүргізілген, бұл температура өзгерістерін дәлірек ескеруге және нақты тұтынылған жылу көлемін көрсетуге мүмкіндік берді.
Осылайша, атқарылған жұмыс тарифтердің ашықтығын және ел азаматтары үшін есептеулердің әділдігін қамтамасыз етеді.
Қосымша ақпарат алу үшін азаматтар Табиғи монополияларды реттеу комитетінің өңірлік департаменттеріне келесі телефондар арқылы хабарласа алады:
Астана — (7172) 79-58-97
Алматы — (727) 279-31-39
Шымкент — (7252) 32-15-07
Абай облысы — (7222) 52-17-91
Ақмола облысы — (7162) 50-43-63
Алматы облысы — (7273) 05-91-29
Атырау облысы — (7122) 21-10-38
Ақтөбе облысы — (7132) 55-73-38
ШҚО — (7232) 61-04-88
Жамбыл облысы — (7262) 45-94-68
БҚО — (7112) 24-01-76
Қарағанды облысы — (7212) 90-03-40
Қостанай облысы — (7142) 54-28-76
Қызылорда облысы — (7242) 26-22-93
Маңғыстау облысы — (7292) 42-16-20
Павлодар облысы — (7182) 32-12-02
СҚО — (7152) 53-42-55
Түркістан облысы — (7253) 35-30-12
Ұлытау — (7102) 76-07-24
Жетісу — (7282) 24-28-05
(Табиғи монополияларды реттеу комитетінің ақпараты бойынша)