CaspianLife, 18 тамыз. Ауыл шаруашылығы министрлігі «Аквашаруашылық өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын, сондай-ақ асыл тұқымды балық шаруашылығын дамыту қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасын әзірледі.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада айтылғандай, бұл жоба аквашаруашылық саласында өнімділікті және өнім сапасын арттыру, сондай-ақ асыл тұқымды балық шаруашылығын дамыту мақсатында кәсіпорындарға мемлекеттік қолдау көрсету тәртібін айқындайды.
«Атап айтқанда, аталған нормативтік-құқықтық акт жобасында акваөсіру нысандарын өсіру кезінде пайдаланылатын жемшөп сатып алу шығындарының 30%-ын, шабақ пен жөндеу- ана тұқымды балықтарды сатып алуға, аквашаруашылықта қолданылатын препараттарға, сондай-ақ аквашаруашылық саласында балық шаруашылығы-биологиялық негіздеме жасауға жұмсалған шығындардың 50%-ын өтеу қарастырылған», — деп нақтылады министрлік.
Ведомство өкілдері атап өткендей, бұл жобаны іске асыру өнімнің өзіндік құнын айтарлықтай төмендетуге, саланың кәсіпорындарының экономикалық тұрақтылығын арттыруға және Қазақстанда аквашаруашылық орнықты дамыту үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді. Министрлік аграрлық сектордың басым бағыттарын қолдау мен дамыту жұмысын жалғастыра отырып, сапалы балық өнімін өндірудің тұрақтылығын және өсуін қамтамасыз етеді.