Caspianlife, 8 тамыз. Атырауда прокурорлар үлестік қатысу арқылы тұрғын үй құрылысына қаржы тарту мақсатында заңсыз жарнама жасаған он құрылыс компаниясын анықтады.
Атырау қаласы прокуратурасының мәліметінше, прокурорлық қадағалау актісі бойынша кінәлілер Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 320-бабы 1-бөлігі (үлестік қатысу туралы заңнаманы бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 10,6 млн теңге көлемінде айыппұл салынған.
«Қала прокуратурасы азаматтарға үлестік тұрғын үй құрылысына қаржы салмас бұрын, құрылыс салушының лицензиясының, жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттарының және құрылысқа рұқсатының бар-жоғын мұқият тексеруге қатаң кеңес береді. Үлескерлердің құқықтарын қорғау прокуратура органдары жұмысының басым бағыттарының бірі болып қала береді», — деп еске салды қадағалау органы.