CaspianLife, 8 тамыз. Оқиға Құрманғазы ауданында болды – екі жасар бала қолмен жууға арналған кір жуғыш машинаның ішіне кіріп кетіп, сонда қысылып қалған.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, анасы баланы өздігінен шығара алмай, 112 қызметіне көмек сұрап хабарласқан. Құтқарушылар жедел жетіп, баланы тыныштандырып, оны центрифугадан аман-есен шығарып алды. Бала зардап шеккен жоқ.