CaspianLife, 7 тамыз. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде 1949–2010 жылдар аралығында туған Қазақстан азаматтарына 70 000 теңге көлемінде төлем жасалады деген ақпарат шындыққа жанаспайды.
Белгісіз адамдар бұл ақшаны алу үшін арнайы сілтемеге өтуге кеңес береді. Бұл жағдайға Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі пікір білдірді:
«Мұндай әлеуметтік көмек түрі мүлдем жоқ екенін хабарлаймыз. Аталған сілтеме алаяқтар тарапынан жеке деректерді алу тәсілі болуы мүмкін. Сондықтан, алаяқтардың арбауына түсіп қалмау үшін ешқандай жағдайда ол сілтемеге өтпеуді ұсынамыз. Мемлекеттік қолдау шаралары туралы ресми ақпарат тек 1414 нөмірінен СМС-хабарлама арқылы таратылады», – делінген министрліктің хабарламасында.
Министрлік азаматтарды ақпаратты тек ресми дереккөздерден алуға шақырды.