CaspianLife, 5 тамыз. Төтенше жағдайлар министрлігі (ТЖМ) бүгін Қазақстанның кейбір өңірлеріне, соның ішінде батыс өңірлерге қатысты дауылды ескерту жариялады.
Хабарламада айтылғандай, дауылды ескерту келесі мерзімдерге сақталады:
— 2–7 тамыз аралығында Атырау облысында күндізгі ауа температурасы +33…+38°С-тан қатты ыстық +34…+39°С-қа дейін көтеріледі, облыстың оңтүстігінде өте қатты ыстық +41°С-қа дейін жетеді. Температуралық фонның жоғары болуына байланысты өрттің төтенше қаупі сақталады. Сонымен қатар, 5 тамыз күні күндіз Атырау облысының солтүстігі мен батысында найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, күндіз солтүстігі мен батысында екпіні 15–20 м/с дейін жетеді.
— 2–9 тамыз аралығында Маңғыстау облысында күндізгі ауа температурасы +35…+40°С-тан қатты ыстық +37…+42°С-қа дейін көтеріледі, облыстың оңтүстігінде өте қатты ыстық +44°С-қа дейін жетеді. Температуралық фонның жоғары болуына байланысты өрттің төтенше қаупі сақталады. Сондай-ақ, 5 тамыз түнде Маңғыстау облысының оңтүстігі мен батысында оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15–18 м/с болады деп күтіледі.