CaspianLife, 5 тамыз. «Жолаушылар тасымалы» АҚ пойызға кешігіп қалған жағдайда қандай шаралар қабылдау қажет екенін еске салды.
Мекеме мәліметінше, мұндай жағдай орын алғанда, ең алдымен вокзалдағы билет кассасына жүгіну қажет. Кассирге пойызға үлгермей қалғаныңыз туралы хабарлап, тиісті құжаттарды (жеке куәлік пен билет) ұсыну керек.
Егер жолаушы пойыз билетінде көрсетілген станциядан жөнелтілген уақыттан кейінгі 1 сағат ішінде жүгінсе, онда билет құнының бір бөлігін қайтарып алуына мүмкіндігі бар. Сонымен қатар егер бос орындар болса, келесі пойызға балама бағыттар ұсынылуы мүмкін.
Билет ақысын қайтару мөлшері мен мерзімі теміржол арқылы жолаушылар, жүк және багаж тасымалдау қағидаларына сәйкес белгіленеді.