Caspianlife, 31 шілде. Құрманғазы ауданында өлген түйелер аса қауіпті жұқпалы аурудан өлмегенін лаборотория анықтап берді. Осы жылдың маусым, шілде айдарында Дыңғызыл, Еңбекші, Мақаш және Нұржау ауылдық округтерінде әртүрлі симтомдарымен 204 түйе ауырған.
Ауырған түйе малдарына жергілікті ветеринар дәрігерлердің кеңесімен неозидин, Imidocard,т.б. ветеринариялық препараттары арқылы емдеу шаралары жүргізілген. Ауырған 204 түйенің 84 басы өлген, ал 120-сы сауыққан.
-Өлген малды жарып сойғанда ішкі құрылыстарынан аса қауіпті жұқпалы ауруларға тән өзгеріс байқалмаған. Дегенмен өлген түйелерден сынама алынып, аса қауіпті жұқпалы ауруларға (сібір жарасы, лептоспироз, хламидиоз, бруцеллез, пастереллез, салмонеллез, листериоз, блутанг) қарсы тексерілді, — дейді аудан әкімінің орынбасары Марат ХАСАНОВ.
19 шіледеде ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінен, ҚР АШМ ВБжҚК «Ветеринария бойынша референттік ұлттық орталығы» ЖШС, Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми зерттеу институтынан мамандар келіп қарап, сынамалар алғанымен, аса қауіпті жұқпалы аурулар анықталмады.
Сонда төрт ауылда бірдей түйе неден өлгені белгісіз. Жергілікті тұрғындар толыққанды ресми жауап ала алмай отыр.