Caspianlife, 29 щілде. Қоршаған ортаны қорғау саласында, атап айтқанда, атмосфераның ластануына қатысты арнайы экологиялық прокуратура талдау жүргізіп, бірқатар өрескел заңбұзушылықтарды анықтады.
Атырау облысының прокуратурасы хабарлағандай, «Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) 2023 жылдың III және IV тоқсандарында, сондай-ақ 2024 жылдың I және II тоқсандарында экологиялық тұрғыдан рұқсат етілген нормадан артық 49,3 тонна ластаушы заттарды атмосфераға шығарған. Оның ішінде 4,9 тонна ластаушы заттың рұқсатсыз шығарылғаны анықталды.