Caspianlife, 29 шілде. Бүгін күндіз Приволжье теміржолы бағытындағы Жәнібек пен Ингеловский станцияларының арасында (Қазақстан Республикасы аумағында) тіркемесі бар трактор жүргізушісі келе жатқан жолаушылар пойызының алдынан теміржол өткеліне шығып кеткен. Бұл — Нижневартовск – Астрахань бағытындағы №148 пойыз.
Бұл туралы Приволжье теміржолының баспасөз қызметі хабарлады. Олардың мәліметінше, пойыз машинисі шұғыл тежегішті қолданғанымен, қашықтық тым аз болып, соқтығысуды болдырмау мүмкін болмаған. Алдын ала мәлімет бойынша, апат салдарынан локомотив зақымданған. Ешкім медициналық көмекке жүгінген жоқ. Нижневартовск – Астрахань бағытындағы №148 жолаушылар пойызының кешігуі күтілуде.