CaspianLife, 23 шілде. Алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағы арқылы белсенді циклон жылжиды, соған байланысты найзағайлы жаңбыр, республиканың батысында, солтүстігінде және орталығында жауын-шашын, бұршақ және дауылды жел күтіледі.
«Қазгидромет» ұлттық гидрометеорологиялық қызметінің мәліметінше, 25–26 шілде күндіз Алматы облысының батысы мен солтүстігінде аптап ыстық 42 градусқа дейін жетуі мүмкін.
«24 шілде күні батыс, оңтүстік-батыс және солтүстік-батыс өңірлерде күндізгі ауа температурасы 35–38 градусқа дейін көтеріледі. 24–25 шілде күндері республиканың орталығында 35–38 градус, оңтүстігінде 40–42 градус, 24–26 шілде аралығында оңтүстік-шығыста 35–39 градус, 25–26 шілдеде шығыста 35–38 градус, 26 шілдеде солтүстікте 35 градус ыстық болады», – делінген «Қазгидромет» сайтында жарияланған хабарламада.