CaspianLife, 21 шілде. «Қазгидромет» ұлттық гидрометеорологиялық қызметі 21 шілде, дүйсенбі күніне Қазақстанның бірнеше өңіріне дауылды ескерту жариялады.
«Қазгидромет» сайтында жарияланған мәліметке сәйкес, 21 шілде күні Атырау облысының батысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні облыстың оңтүстігі мен шығысында 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Облыс бойынша 35-39 градусқа дейін қатты ыстық болады. Облыстың солтүстігі, оңтүстігі және шығысында өрттің төтенше қаупі сақталады, ал батысында өрт қаупі жоғары.
Атырау қаласында 21 шілде күні күндіз 37-39 градусқа дейін қатты ыстық болады. Төтенше өрт қаупі күтіледі.
Сондай-ақ, 21 шілде күні Маңғыстау облысының батысы мен солтүстігінде шаңды дауыл болады деп болжануда. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел күндіз облыстың батысы мен солтүстігінде 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Күндізгі уақытта 38-40 градусқа дейін қатты ыстық болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтау қаласында 21 шілде күні төтенше өрт қаупі сақталады.