CaspianLife, 8 шілде. Бұл туралы бүгін Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың Қазақ энергетика және байланыс ғылыми-зерттеу жобалау институтының өкілдерімен кездесуі барысында мәлім болды.
Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жиын барысында Ақтау қаласында жаңа стадион салу тұжырымдамасы талқыланды. Жоспар бойынша қалада 10 мың көрерменге арналған көпфункционалды стадион салынбақ. Жаңа спорт нысаны заманауи стандарттарға сай болады, мұнда футбол академиясы орналасады. Стадионда спортшыларға қажетті барлық жағдай жасалады – оқу-жаттығу алаңдары, шешінетін бөлмелер, медициналық пункт және жаттығу залдары болады.
«Жобалау жұмыстары келесі жылы толық аяқталып, құрылыс кезеңіне көшу жоспарланып отыр. Өңір басшысы Нұрдәулет Қилыбай жобалау және іздестіру жұмыстарының барысын бақылауда ұстауды және белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды», – делінген облыс әкімдігінің хабарламасында.