Caspianlife, 1 шілде. ҚР Индустрия және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, биыл республикалық бюджет пен арнайы қордан су жеткізу бойынша 442 жобаны іске асыруға 183 миллиард теңге бөлінді.
Бағдарлама аясында құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп, су құбыры желілерін қайта жаңғырту және кеңейту жүзеге асырылып жатыр. Ірі қалаларда су тазарту нысандарын жаңғырту жобалары басталған немесе аяқталған. Қазірдің өзінде ұзындығы 8,5 мың шақырымнан асатын желілер қайта жаңартылып, кеңейтілді. Сондай-ақ, бірқатар ірі қалаларда ауыз судың сапасы мен тапшылығы мәселесі су тазарту құрылғыларын салу және жаңарту арқылы шешілді.
«Атырау қаласында құны 17 миллиард теңге болатын сүзгі станциясының реконструкциясы аяқталды», – делінген хабарламада.