CaspianLife, 1 шілде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті Жарлыққа қол қойды. Құжатта көрсетілгендей, бұл қайта ұйымдастыру мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту және оның тиімділігін арттыру мақсатында жүргізілді.
Президенттің ресми сайтында жарияланған Жарлыққа сәйкес, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне (ҰҚК) қосу жолымен қайта ұйымдастырылды.
Жарлыққа сәйкес, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылымында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі атты ведомство құрылды. Сонымен қатар, қайта ұйымдастырылған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптастыру және іске асыру, осы саладағы іс-қимылды үйлестіру, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарының себептері мен жағдайларын азайту, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру функциялары мен өкілеттіктері Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне берілді.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өздеріне берілген функциялары мен өкілеттіктеріне сәйкес құқықтары мен міндеттемелерінің құқықтық мұрагерлері болып белгіленді.
Жарлықтың толық мәтінімен МЫНА ЖЕРДЕН танысуға болады.