CaspianLife, 26 маусым. «Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыздарға заманауи бейнебақылау және видеоаналитика жүйелерін енгізуде. Бұл шара жолаушылардың қауіпсіздігін, жайлылығын арттыруға және жол үстінде жедел әрекет етуге бағытталған. Қазіргі уақытта пойыздарға 4 мың бейнекамера орнатылған.
«Қазақстан темір жолы» ұлттық тасымалдаушысының баспасөз қызметінің мәліметінше, бейнежазбалар Ситуациялық орталықтағы экрандар арқылы қаралып, мамандар жағдайды бақылап, стандарттан тыс жағдайларды талдай алады. Видеожүйелер ықтимал қауіптерді дер кезінде анықтап, ережебұзушылықтарды тіркеуге және ұмыт қалған заттарға жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.
«Орнатылған бейнекамералардың арқасында пойыздардағы құқықбұзушылықтар деңгейі 2024 жылмен салыстырғанда 21%-ға төмендеді, жолаушылардан түскен шағымдар саны 32%-ға азайды, ал ұмыт қалған заттардың 91%-ы иелеріне қайтарылды. Барлық жаңа жолаушылар вагондары бейнебақылау жүйесімен бірге жеткізіледі», – делінген хабарламада.
Сурет: «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.