CaspianLife, 26 маусым. Қазақстанның гидрометеорология қызметінің болжамы бойынша, биылғы жазда құрғақшылық жағдайы күшейіп, оның таралу аумағы кеңеюі мүмкін.
«Қазгидромет» баспасөз қызметінің мәліметінше, алдын ала жүргізілген есептеулерге сәйкес, шілде айында еліміздің батыс өңірлерінде қалыпты құрғақшылық күтіледі:
— Батыс Қазақстан облысында — Жәнібек, Сырым және Қаратөбе аудандарында;
— Атырау облысында — Махамбет, Мақат, Исатай және Қызылқоға аудандарында;
— Маңғыстау облысында — Бейнеу, Маңғыстау және Қарақия аудандарында;
— Ақтөбе облысында — Шалқар және Ырғыз аудандарында.