CaspianLife, 19 маусым. Бүгін таңғы шамамен 05:00-де (Астрахань уақыты бойынша) Астрахань облысының Ақтөбе (Ахтубин) ауданында «қызыл» режим енгізілді. Бұл — ұшқышсыз ұшу аппараттарымен (ҰҰА) шабуыл жасалды дегенді білдіреді.
Бұл туралы Ақтөбе ауданы әкімшілігінің ресми Telegram-арнасы хабарлады. Бірнеше сағаттан кейін Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі Астрахань облысы аумағында әуе қорғанысы кезекші күштерінің үш ұшақ типті ұшқышсыз ұшу аппаратын анықтап, жойғанын мәлімдеді. Өзге мәліметтер жарияланған жоқ.
(сурет ашық дереккөздерден алынған)