CaspianLife, 13 маусым. Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін шамамен 13:50-де «Ақ Жайық» мемлекеттік табиғи резерватының аумағында, қала маңындағы Еркінқала ауылынан 15 шақырым жерде қамыс өртенгені тіркелді.
«Оқиға орнына дереу ТЖД күштері мен құралдары және «Ақ Жайық» резерватының қызметкерлері барлау жұмыстарын жүргізуге шықты. Елді мекендерге қауіп жоқ», – делінген хабарламада.