Caspianlife, 3 маусым. Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері Ақтау қаласында екі ер адамды бопсалау күдігімен ұстады.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволық сайты Polisia.kz Маңғыстау облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлағандай, биылғы мамыр айында күдіктілер жергілікті тұрғыннан жалған автокөлік жалдау қарызы үшін 250 мың теңге талап еткен. Олар бұл әрекетті күш қолданып жүзеге асырған.
Аталған факт бойынша бопсалау бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Барлық тергеу әрекеттері Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылып жатыр.