CaspianLife, 2 маусым. Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша 2021 жылдан бастап елімізде балалардың қосымша білім беруін мемлекеттік қаржыландыру жүзеге асырылып келеді.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы бастаманың арқасында еліміз бойынша 1 миллионнан астам оқушы шығармашылық үйірмелерге, спорттық секцияларға және дамытушы сабақтарға тегін қатысу мүмкіндігіне ие болды. Бұл мақсатқа бөлінген қаражат көлемі 100 миллиард теңгеден асты.
«Ваучерлік қаржыландырудың пилоттық жобасы 1 маусымнан бастап алты қалада – Астана, Шымкент, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда және Қарағандыда іске қосылады. Әрбір оқушы Бірыңғай цифрлық платформада орналастырылатын таңдалған үйірме немесе секцияға тегін қатысу үшін жеке ваучер алады», – делінген хабарламада.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі жобаның негізгі жұмыс принциптері туралы инфографика әзірледі.