CaspianLife, 30 мамыр. Ішкі істер министрлігі мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі eGov.kz порталы және Mgov мобильді қосымшасы арқылы жеке куәлікті онлайн ауыстыру бойынша пилоттық жобаны іске қосты.
Polisia.kz ІІМ ведомстволық сайтының хабарлауынша, бұл қызметке жеке куәліктің мерзімі аяқталуына 30 күн немесе одан аз уақыт қалған кезде немесе мерзімі өткеніне 10 күннен аспаған жағдайда қол жеткізуге болады. Онлайн құжаттандыру азаматтарға келесі мүмкіндіктерді береді:
— жеке куәлікті ауыстыруға өтініш беру;
— фото мен қолтаңбаны тіркеу;
— жеке деректерді растау;
— мемлекеттік бажды төлеу (қалауы бойынша жеделдетілген қызмет алу мүмкіндігімен).
Бұл – ыңғайлы, уақытты үнемдейді және Халыққа қызмет көрсету орталықтарында (ХҚКО) кезек күту қажеттілігін жояды.
(фото: Polisia.kz сайты)