CaspianLife, 29 мамыр. Қазақстанда шегіртке шабуылдарына қарсы Call-орталық ашылды. Бұл орталық ауылшаруашылық дақылдарын қорғау шараларына жедел көмек көрсету мақсатында құрылды.
Министрлік берген мәліметке сәйкес, 29 мамырдағы жағдай бойынша елімізде 4,774 миллион гектар ауылшаруашылық алқаптары тексерілген, оның 2,1 миллион гектары шегіртке шабуылына ұшыраған. Химиялық өңдеу 700,8 мың гектар аумақта жүргізілген. Қазіргі уақытта Түркістан облысында мароккалық шегірткеге қарсы өңдеу жұмыстары аяқталуға жақын. Жамбыл облысында да осы бағыттағы жұмыстар толық аяқталды. Қызылорда облысында 18,4 мың гектар, Ақтөбе облысында 79,3 мың гектар, Қарағанды облысында 7,1 мың гектар аумақ өңделді.
Шегіртке шабуылына қарсы шаралар еліміздің 15 өңірінде белсенді түрде жүргізілуде. Жұмыстарға 443 арнайы бүрку техникасы, оның ішінде 55 жеңіл авиация кемесі мен 49 дрон жұмылдырылған. Барлығы 4 625 маман тартылған. Өңірлердегі жұмыстарды үйлестіру облыс әкімдерінің орынбасарлары басқаратын жедел штабтар арқылы жүзеге асырылуда.
Шұғыл көмек алу үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі Call-орталық пен Telegram-чат ашты:
-
Call-орталық: +7 (7172) 72 53 82 (жұмыс уақыты: 09:00–18:00)
-
Telegram-чат: «Шегіртке / Саранча 2025» — t.me/+V0vnpyynof5hNzgy (тәулік бойы жұмыс істейді)
Министрлік азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге және жалған ақпарат таратпауға шақырады.