CaspianLife, 29 мамыр. Маңғыстау облысында өткен «Бекіре» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында Жаңаөзен қаласында сирек кездесетін балық түрлерін заңсыз сақтаған жергілікті тұрғын ұсталды. Криминалдық полиция қызметкерлері одан жарты тоннадан астам бекіре тұқымдас балықты тәркіледі.
ҚР Ішкі істер министрлігінің Polisia.kz ведомстволық сайтының хабарлауынша, бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 339-бабы («Сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген жануарлар түрлерімен заңсыз айналысу») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.