CaspianLife, 28 мамыр. Қызылқоға ауданына қарасты Сағыз ауылында атыс салдарынан үш адам жарақат алды. Олардың барлығы Атырау облыстық ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, зардап шеккендердің бірінің жағдайы ауыр – оқ оның кеуде қуысы мен иығына тиген.
Бұл туралы бүгін Caspian News телеарнасы хабарлады. CN мәліметінше, оқиға 27 мамыр күні кешкі сағат 23:30 шамасында болған. Белгісіз біреу көлікте отырған үш ер адамға оқ атқан. Салдарынан 39-40 жастағы үш азамат оқ жарақатын алып, ауруханаға жеткізілді. Толығырақ телесюжеттен қараңыз.