CaspianLife, 23 мамыр. Жалғас Жұмаұлы Әділбаев – Қазақстан Республикасының Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасындағы Елшісі.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Жалғас Әділбаев 1964 жылғы 15 желтоқсанда Атырау облысы, Индер ауданы, Жарсуат ауылында дүниеге келген. 1990 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін үздік бітірген, 1994 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аспирантурасын аяқтаған, PhD ғылыми дәрежесі бар.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жүйесінде 1998 жылғы мамыр айынан бастап жұмыс істейді. Дипломатиялық қызметін ҚР СІМ Мемлекеттік хаттама басқармасы бөлімінің бастығы лауазымынан бастады, ал 2000 жылы ҚР СІМ Мемлекеттік хаттама қызметінің басшысы болды.
Әр жылдары Қазақстанның Литва және Австриядағы елшіліктерінде кеңесші, кеңесші-елші қызметтерін атқарды. 2009–2010 жылдары Қазақстан Республикасының Горган қаласындағы Бас консулы қызметін атқарды.
2010–2015 жылдары ҚР СІМ Орталық аппаратында Халықаралық экономикалық ынтымақтастық комитеті төрағасының орынбасары және Ерекше тапсырмалар жөніндегі елші лауазымдарында жұмыс істеді.
2015–2017 жылдары Қазақстан Республикасының Армениядағы Елшілігінде кеңесші-елші болды. 2017–2019 жылдары ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі қызметін атқарды.
2019–2022 жылдары Қазақстанның Моңғолиядағы Елшісі болды.
2022 жылғы сәуірден бастап Эфиопиядағы Қазақстан Елшісі болып тағайындалғанға дейін ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі қызметін атқарды.
I дәрежелі Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежесі бар. Ағылшын тілін меңгерген.