Caspianlife, 21 мамыр. Жоспарлы оқу-жаттығулар Терроризмге қарсы күрес жөніндегі Теңіз жедел штабының жетекшілігімен өтуде.
Теңіз жедел штабының хабарлауынша, оқу-жаттығудың мақсаты – лаңкестік көріністерге жедел әрекет етуге бағытталған практикалық іс-қимылдарды пысықтау. Жаттығу барысында мемлекеттік органдардың арнайы бөлімшелерімен суға катерлерді түсіру элементтері қолданылып, Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі «Шалыға» аралы маңында теңіз кемесінде лаңкестік әрекеттерді болдырмауға бағытталған антитеррористік операция жүргізіледі.
«Осыған байланысты азаматтарды оқу-жаттығу шараларына түсіністікпен қарауға, мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және жалған ақпарат таратпауға шақырамыз», — делінген Терроризмге қарсы күрес жөніндегі Теңіз жедел штабының мәлімдемесінде.