Caspianlife, 21 мамыр. Бұл 22-23 мамыр аралығында еліміздің барлық өңірлерінде өтетін «Өрт-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуына байланысты.
Төтенше жағдайлар министрлігінің (ТЖМ) баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл іс-шара азаматтық қорғаныс жүйесінің аумақтық кіші жүйесінің басқару органдары мен күштерінің табиғи өрттер туындаған кездегі іс-қимылдарға дайындығын арттыру мақсатында ұйымдастырылып отыр. Оқу-жаттығуды үйлестіру және басқару жөніндегі республикалық штаб Павлодар облысында орналасады. Шекаралас аумақтағы табиғи өрттерді сөндіруге ден қою іс-қимылын пысықтау үшін Ресей ТЖМ күштері мен құралдары да тартылмақ.
«Территориялық деңгейдегі хабарлау жүйесінің дайындығын тексеру мақсатында, 22 мамыр күні сағат 09:00-де еліміз бойынша “Баршаңыздың назарыңызға!” сигналы беріліп, барлық дыбыстық электросиреналар қосылады. Осыған байланысты сабыр сақтауды, үрейге бой алдырмауды және жалған ақпараттарға сенбеуді сұраймыз», – делінген ТЖМ хабарламасында.