CaspianLife, 12 мамыр. 2025 жылдың I тоқсанында Қазақстан бойынша орташа айлық жалақы 2024 жылдың сәйкес тоқсанымен салыстырғанда 10,7%-ға өсіп, 423 133 теңгені құрады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі хабарлады. Ведомство 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлшері 85 000 теңге болып белгіленгенін еске салды.
2024 жылдың сәйкес тоқсанымен салыстырғанда орташа айлық жалақы 10,7%-ға өскен, нақты жалақы индексі – 101,2%. Алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда орташа айлық жалақы 2,7%-ға азайған, нақты жалақы индексі – 94,0%.
Өңірлер бойынша 2025 жылдың I тоқсанында 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда орташа номиналды жалақының ең жоғары өсімі Ұлытау қаласында – 119,4%, Қостанай облысында – 114,6%, Алматы қаласында – 114,2%, Жетісу облысында – 114,1% және Астана қаласында – 114,0% тіркелген.
Салалар бойынша жалақының ең жоғары өсімі келесі салаларда байқалды:
— ақпарат және байланыс – 31,3%-ға,
— ауыл, орман және балық шаруашылығы – 17,3%-ға,
— өнер, ойын-сауық және демалыс – 16,1%-ға.
Өнеркәсіпте орташа жалақы 14,2%-ға өсті, оның ішінде:
— электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтау – 15,9%-ға,
— өңдеу өнеркәсібінде – 15,2%-ға өскен.
Жалақының ең аз өсімі келесі салаларда тіркелді:
— денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету – 6,2%,
— білім беру – 6,1%,
— тұру және тамақтану қызметтері – 4,3%,
— құрылыс саласы – 1,5%.
Салалық құрылымда ең жоғары номиналды жалақы тау-кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді қазу саласында тіркелген – бұл орташа республикалық деңгейден 2,3 есе жоғары. Ақпарат және байланыс саласында – 2,0 есе жоғары.
Ұлттық статистика бюросының сайтындағы кестеге сәйкес, 2025 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстан бойынша ең жоғары орташа жалақы Атырау облысында тіркелді – орташа жалақы 634 234 теңгені құрады.