Caspianlife, 5 мамыр. Азия-Тынық мұхиты лингвистикалық олимпиадасы — APLO-2025 өз мәресіне жетті. Бұл — Қытай, Аустралия, Гонконг, Жапония, Малайзия, Иран, Корея, Сингапур мен Таиланд сынды он екі елден келген 500-ге жуық дарынды оқушы қатысқан беделді зияткерлік сайыс.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жарыс қорытындысы бойынша Маңғыстау облысындағы IT бағытындағы мамандандырылған лицейдің оқушысы Рамазан Бутантаев жоғары нәтиже көрсетіп, олимпиаданың абсолютті жеңімпазы атанды. Ол өңірдің ең мықты қатысушыларынан озып, алтын медаль иеленді.
Жалпы, Қазақстан құрамасы лингвистикалық олимпиада тарихындағы ең үздік нәтижені көрсетті — 5 медаль және 3 Құрмет грамотасын жеңіп алды:
Рамазан Бутантаев — 10 сынып, мамандандырылған IT-лицей, Маңғыстау облысы;
Самир Сарбасов — 12 сынып, НЗМ, Астана қаласы;
Тимур Кантаев — 11 сынып, «Арыстан» мамандандырылған мектебі, Алматы қаласы;
Зере Серікова — 11 сынып, №9 «Зерде» мектебі, Астана қаласы;
Темірлан Сейтбаттал — 11 сынып, БИЛ, Ақмола облысы.
Құрмет грамотасымен марапатталғандар:
Ислам Сипатталов — 10 сынып, БИЛ, Ақтөбе қаласы;
Шыңғыс Қарасаев — 11 сынып, НЗМ, Орал қаласы;
Арон Хасанов — 11 сынып, БИЛ, Атырау қаласы.
Лингвистикадан ҚР құрама командасының жаттықтырушысы — лингвистика және география пәндерінен халықаралық және республикалық олимпиадалар жеңімпазы, Эберхард және Карл атындағы Тюбинген университетінің 2-курс студенті — Аида Давлетова.