CaspianLife, 10 сәуір. Бұл оқиға кеше, 9 сәуір күні Астрахань облысының Харабали ауданына қарасты Сазаный Угол ауылындағы Ахтуба өзенінде болған.
Астрахань облысы бойынша Ресейдің ТЖМ бас басқармасының хабарлауынша, жолаушылар отырған екі қайық (суретте көрсетілген) соқтығысқан. Салдарынан 62 жастағы әйелге медициналық көмек қажет болып, ол ауруханаға жатқызылған. Сонымен қатар, оқиғаға қатысқан адамдардың барлығы Мәскеу облысының тұрғындары екені нақтыланды.