CaspianLife, 24 наурыз. Атырау облысының төтенше жағдайлар департаментінің (ТЖД) қызметкерлері, ҚР ТЖМ-нің 20982 және 28237 әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері жергілікті атқарушы органдармен (әкімдікпен) бірлесіп жұмыс жүргізуде.
112 ATYRAU Telegram-каналының мәліметінше, бірлескен күш-жігермен су басудың алдын алу мақсатында Жем өзенінің жағалау сызығы бойында, Жылыой ауданының әкімшілік орталығы Құлсары қаласы маңында су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізілуде.
«Бүгінгі таңда әскери қызметшілер жағалауға төсеу үшін 50 кг-дық 4 700 қап пен 1 тоннадан 300 қап дайындап, өзен арнасын 5 мың метрге дейін бекітті. Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ», – делінген хабарламада.