Caspianlife, 18 наурыз. Бүгін шамамен сағат 07:00-де ж тасқын салдарынан судың Жем көпірінің маңындағы айналма жолды су алуына байланысты“Қандыағаш – Ембі – Шалқар – Ырғыз” автожолының 3-92 шақырым аралығында( Қандыағаш қаласынан Ембі қаласына дейін)барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қою жоспарлануда.
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі хабарлағандай, Қандыағаш пен Ембі қалалары арасындағы жол бөлігі жабылады. 18 наурыз таңертеңгі дерек бойынша, су тасқыны жолдың 100 метр бөлігін басты, су деңгейі 50 см-ге жетті.