CaspianLife, 26 ақпан. Сауда қызметін дамытатын кәсіпкерлер үшін «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры ішкі сауда субъектілерін қолдау бағдарламасын ұсынады.
«Даму» қорының мәліметінше, мемлекеттік көмек келесі бағыттарға жұмсалады:
- Сауда базарлары мен нысандарын жаңғырту/салу/кеңейту/қайта құру
- Сауда қызметін ұйымдастыру үшін жылжымайтын мүлік сатып алу (егер ол сатып алу кезінде сауда мақсатында пайдаланылмаса)
- Сауда жабдықтарын сатып алу
- Бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу
- Айналым қаражатын толықтыру
Субсидиялау және кепілдендіру қолданылмайтын жобалар:
Сауда-ойын-сауық орталықтары
Елордалық және республикалық маңызы бар қалалардағы жобалар
Қайта қаржыландыру қарастырылмаған
Бағдарлама шарттары:
Максималды несие сомасы:
Облыстық маңызы бар қалалар үшін – 3 млрд теңгеге дейін
Шағын және моноқалалар, ауылдар үшін – 1,5 млрд теңгеге дейін
Субсидиялау мерзімі:
Инвестициялық мақсаттарға – 5 жылға дейін
Айналым қаражатын толықтыруға – 3 жылға дейін
Субсидияланған сыйақы мөлшерлемесі: 10,75% (Қазақстан Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесіне байланысты)
Кепілдендіру мүмкіндігі:
Қолданыстағы кәсіпкерлер үшін – 50%-ға дейін
Жаңа кәсіпкерлер үшін (3 жылға дейін) – 85%-ға дейін
Толық ақпарат www.damu.kz сайтында.
📞 1408 байланыс орталығынан білуге болады.