CaspianLife, 20 ақпан. Қадағалау органы екі жасөспірімдер спорт мектебінің директорлары спорт залдары мен алаңдарын жалға беруден түскен қаражатты негізсіз иемденгенін анықтады. Бұл қаржы бюджетке түсуі тиіс болған.
Ақтөбе облыстық прокуратурасының мәліметінше, 12 миллион теңгеден астам бюджет қаражаты олардың жеке қажеттіліктеріне, соның ішінде букмекерлік кеңселердегі ұтыс ойынына жұмсалған.
Аталған фактілер бойынша прокуратура екі қылмыстық іс қозғады. Тергеуді облыстық экономикалық тергеу департаменті жүргізді.
«Биылғы 10 қаңтарда тергеу аяқталып, қылмыстық іс (біріктірілген істер) сотқа мәні бойынша қарауға жіберілді», – деп хабарлады прокуратура.