Caspianlife, 20 ақпан. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (Polisia.kz) мәліметінше, Шымкент және Атырау әуежайларында қылмыстық полиция қызметкерлері Өзбекстан аумағында қарақшылық шабуыл жасаған үш Түркия азаматын ұстады.
Ташкентте күдіктілер беттеріне маска киіп, бөтен көлікті тартып алмақ болған. Алайда зардап шеккендер белсенді қарсылық көрсеткендіктен, қылмыстық әрекеттерін аяқтай алмай, оқиға орнынан қашып кеткен.
Қарақшылық шабуылдан кейін, халықаралық іздеу жарияланбай тұрып, екеуі Атырау облысына, ал үшіншісі Қазақстанның оңтүстігіне жасырынған. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде барлық күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Ақпарат көзі: www.caspianlife.kz