CaspianLife, 18 ақпан. 2025 жылғы 27 мамырдан бастап Air Astana әуе компаниясы Атыраудан Тбилисиге тікелей рейстерді іске қосады. Ұшулар аптасына үш рет – сейсенбі, жұма және жексенбі күндері жайлы Airbus ұшақтарымен орындалады.
Air Astana әуе компаниясының баспасөз қызметінің мәліметінше, ұшу ұзақтығы 1 сағат 50 минутты құрайды. KC125 рейсі Атыраудан жергілікті уақыт бойынша 08:00-де ұшып, Тбилисиге 08:50-де қонады. Қайтар бағыттағы KC126 рейсі Тбилисиден 09:50-де ұшып, Атырауға 12:40-та жетеді. Барлық алымдар мен салықтарды қоса есептегенде, екі жаққа билет бағасы эконом-класта 113 375 теңгеден, бизнес-класта 308 081 теңгеден басталады. Билеттерді әуе компаниясының ресми сайтынан немесе уәкілетті агенттіктерден сатып алуға болады.
Жаңа бағыттың ашылуымен Air Astana әуе компаниясының жазғы кестесінде Тбилисиге орындалатын рейстер саны аптасына 15-ке дейін артады. Қазақстанның үш қаласынан ұшу жүзеге асырылады: Алматыдан – аптасына тоғыз рет, Астанадан – үш рет, сондай-ақ Атыраудан – үш рейс. Қазақстан азаматтары Грузия аумағында визасыз бір жылға дейін бола алады.
Air Astana жолаушылардың ыңғайлылығы мен жайлылығы үшін ел өңірлерінен халықаралық рейстерді дамытуды жалғастыруда. Қазіргі уақытта әуе компаниясы Шымкенттен Джидда мен Мәдинаға тұрақты рейстерді, Дохаға чартерлік рейстерді орындайды. Ал Атыраудан тұрақты рейстер Ыстамбұл, Дубай және Амстердамға орындалады.